Президент Мария Мудряк пен Иманбектің өнерін үлгі етті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мәдениетімізді шетелде ұлықтап жүрген павлодарлық мәдени толқын өкілдерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің еліміздің күші адамдарда, олардың энергиясында, білімінде және отансүйгіштігінде жатыр. Дәл сондықтан, адамилық – біздің мемлекеттік саясатымыздың негізгі өлшеміне айналды. Біз қарапайым адамның мүдделеріне, жаһандық ауқымда тартымды елдің жаңа бейнесін қалыптастыруға ерекше назар аударуымыз керек», - деді Мемлекет басшысы Павлодар облысы жұртшылығымен кездесуі барысында.

Президент ұлттық мәдениетімізді шетелде ұлықтауда Павлодар облысынан шыққан жаңа қазақстандық «мәдени толқын» өкілдері зор үлес қосып келе жатқанына айрықша тоқталды.

«Классикалық өнерді ардақтайтындар Мария Мудряктың Еуропаның ең үздік опера сахналарында арияларды орындайтын дауысынан ләззат алады. «Грэмми» иегері Иманбек Зейкеновтың танымал музыкасы бүкіл әлем жастарын тәнті етіп жүр. Өз буынының дарынды өкілдері бола отырып, олар біздің мәдениетіміздің шетелдегі табысты көрнекті елшісіне айналды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар