Президент маңызды салаларда нақты мақсаттарды айқындады - Бақытжан Жұмағұлов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов бүгін VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Парламент сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүргізген стратегиялық саяси бағыт сабақтастығын табады деген нақты ұстанымын айтып өтті. Ең бастысы, еліміздің Президенті өзінің сөзінде саяси реформалардың жалғасын табатынына нақты тоқталып өтті», - деді Б. Жұмағұлов.

Сонымен қатар сенатор саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға төмендету, тағы да басқа жеңілдіктерді беру туралы өзінің нақты ұсыныстарын айтып өткенін жеткізді.

«Бүгінгі Президенттің сөзінде адам құқығы туралы да айтылды. Адам құқығына қатысты біз қандай шаралар қолдануымыз керек, қандай жобалар қабылдануы керек? Осы туралы Қасым-Жомарт Кемелұлы нақты айтып өтті. Ал енді осының бәрі ары барғанда адами капиталға кіреді. Ол дегеніміз, Президенттің тапсырмасы бойынша ұлттық жоба әзірленуі тиіс деген сөз. Ең бастысы, біздің білім саласында сапаға көңіл бөлу керек. Әлемдік трендке сүйене отырып, өзіміздің ұлттық жүйені, ұлттық білім саласын жақсартуға, сондай-ақ орта білім болсын, біздің колледж, университеттердің маман даярлау сапасын көтеруіміз керек. Осыған нақты көмектесуіміз керек, осындай жоба қабылданса біздің білім саласы да ары қарай дамиды деген үлкен сенімдеміз. Осы саяси реформалар, адами капитал мен адам құқығы және тағы басқа мәселелерге орай бүгін Президент нақты тапсырма берді», - деді Б. Жұмағұлов.

«Заңды түрде сапалы заңдарды қабылдап, осыны өмірге енгізуге, іске асыруға Парламентке тапсырып отыр. Тағы бір нәрсе айтайын дегенім, бұл жерде, яғни Парламентте көп мәселе шешіледі», - дейді сенатор.


Соңғы жаңалықтар