Президент мандатының 7 жылдық кезеңі кез келген бағдарламаны жүзеге асыруға жеткілікті –Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент мандатының 7 жылдық кезеңі кез келген ауқымды бағдарламаны жүзеге асыру үшін жеткілікті. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен көп ойланып, Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады», - деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Президент бұл бастаманың негізіне тоқталды.

«Бір жағынан 7 жыл кез келген ауқымды бағдарламаны жүзеге асыру үшін жеткілікті кезең. Екінші жағынан Президент мандатын бір мерзіммен шектеу Мемлекет басшысының жалпыұлттық дамудың стратегиялық міндеттерін шешуге барынша жұмылуын қамтамасыз етеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынды.



Фото:t.me/bort_01



Соңғы жаңалықтар