+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Президент Ливанға әскери медицина қызметкерлерін жөнелту мәселесін пысықтауды тапсырды

2020 жылғы 7 тамыз 19:14
Бөлісіңіз:
Президент Ливанға әскери медицина қызметкерлерін жөнелту мәселесін пысықтауды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН,. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Ұқсас жаңалықтар
ҚР Президенті Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен өзекті мәселелерді талқылады Мемлекет басшысы ҰҒА президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады Қазақстан өлім жазасын ресми түрде алып тастады

Қорғаныс министрі Мемлекет басшысы – Жоғарғы Бас қолбасшыға қарулы күштердің әскери және жедел даярлығы, Қазақстан армиясын дамыту туралы есеп берді.
Бас қолбасшы Бейрут портындағы жарылыс салдарынан зардап шеккен адамдарға медициналық көмек көрсету үшін Ливанға әскери медицина қызметкерлерін жөнелту мәселесін пысықтауды тапсырды.

Еске сала кетсек, 4 тамызда Ливан астанасы Бейрут қаласындағы портта жойқын жарылыс болды. Жарылыс салдарынан Қазақстанның СІМ Ливандағы дипломатиялық миссиясы ғимаратына зақым келген. Жарылыс кезінде дипломатиялық миссияның қызметкерлері жұмыс күні аяқталғаннан кейін кеңседен кетіп қалған. Кеңседе қалған консул жарылыс толқыны салдарынан жеңіл жарақат алды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан Президенті Мишель Аунмен телефон арқылы сөйлесіп, Ливандағы қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде өтініш білдірген еді.

5 тамыз күні жарылыстың неден шыққаны анықталды. Билік мәлімдемесіне сәйкес, аммоний нитратының үлкен партиясы (аммиак селитрасы деп те аталайды) портта ұзақ уақыт сақталып, қауіпсіздік талаптары сақталмаған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT