+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Президент Қызылорда облысында жол апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты

2019 жылғы 3 желтоқсан 13:13
Бөлісіңіз:
Президент Қызылорда облысында жол апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысында болған автобус апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің Twitter парақшасына сілтеме жасап.

«Қызылорда облысында автобус апатынан қаза тапқан адамдардың туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсетіледі. Жол қауіпсіздігі тиісті ведомстволар мен әкімдіктердің ерекше назарында болуы тиіс» деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Естеріңізге сала кетелік, аталмыш оқиға бүгін таңғы 04.30 шамасында болды. Оқиға салдарынан 8 адам қаза тауып, 21 адам емдеу орындарына жатқызылды.

Оқиғаға байланысты ҚР Ішкі істер министрлігі түсінік берді.

Сондай-ақ, сегіз адамның өмірін қиған «Қызылорда-Құмкөл» жолындағы автобус апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT