USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Президент күштік құрылымдардың басшыларымен кеңес өткізді

2022 жылғы 15 қаңтар 13:32
Бөлісіңіз:
Президент күштік құрылымдардың басшыларымен кеңес өткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өкілетті органдар басшыларының кеңесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Мағзұм Мырзағалиев ҚР Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды Сенатор Сәуле Айтпаеваның өкілеттігі тоқтатылды Тимур Сүлейменов ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды

Жиынға Бас прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қорғаныс және Ішкі істер министрліктерінің бірінші басшылары, сондай-ақ Президент Әкімшілігінің басшылығы мен Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты қатысты.

Мемлекет басшысына қаңтар айының бірінші онкүндігінде еліміздің бірқатар өңірінде болған оқиғалар бойынша сотқа дейінгі алдын ала тергеу амалдарының барысы, сондай-ақ арнайы жүргізілген операциялардың нәтижелері, елімізде қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шаралары туралы баяндалды.

Кеңес қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырмалар берді. Қазақстанда, соның ішінде Алматыда болған қайғылы жағдайларды жан-жақты зерттеу мәселесіне, қаза болған бейбіт тұрғындардың нақты санын анықтауға, қиын-қыстау кездерде күштік құрылымдардың іс-қимылдарын үйлестірудің жаңа нормативтік базасын әзірлеуге баса мән берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысына Арнаулы операциялар күштерін жасақтау жұмыстарын жеделдетуді және ұлттық қауіпсіздік жүйесін қайта құру жөнінде нақты ұсыныс беруді тапсырды.

Президент лаңкестікке қарсы операциялар мен тергеу шараларын жүргізу барысында азаматтар құқығының бұзылуына жол бермеудің маңызды екенін айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT