Президент құқық қорғау органдарына тапсырма берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен жиында еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеңеске Президент Әкімшілігінің басшылығы, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, сондай-ақ Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігінің басшылары қатысты.

«Қасым-Жомарт Тоқаев барлық қазақстандықтардың құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында еліміздегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты күшейтудің айрықша маңыздылығын атап өтті.

Президент ұлттық заңнамаларды түсіндіру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру жұмыстарын жандандыру қажет деп санайды», - делінген Ақорданың ресми сайтында.

Соңғы жаңалықтар