Президент кубогында жұдырықтасатын бұрымды боксшылардың есімі белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 15-21 шілде аралығында елордада өтетін бокстан Президент кубогы додасында сынға түсетін бұрымды боксшылардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық олимпиада комитеті хабарлағандай, Президент кубогында алғаш рет Олимпиада бағдарламасына енген бес салмақ дәрежесіндегі боксшы арулар шаршы алаңда жұдырықтаспақ.

Президент кубогына олимпиадалық салмақ дәрежелерінде қатысатын Қазақстан командасы:

51 келі: Н. Қызайбай, Ж. Шекербекова, А. Лукас, Ж. Әбдірайымова;

57 келі: А. Ходжабекова, С. Сұлтанқызы, Д. Келімбет, В. Кухта;

60 келі: Р. Волосенко, К. Ибрагимова;

69 келі: Д. Шәкімова, М. Вольнова, Д. Ақбаева, М. Нұржаева;

75 келі: А. Бақытжан, А. Бегділда, Н. Рябец, Г. Садықова.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін бокстан Президент кубогіне қатысатын ерлер құрамасының тізімін жариялаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар