Президент Кубогында Қазақстан хоккей құрамасы «Нефтехимиктен» ұтылып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Барыс Аренада» дәстүрлі «ҚР Президентінің Кубогы» маусымаралық турнирі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM»-ға сілтеме жасап.

Турнир беташарында Қазақстан құрамасы мен Татарстанның Андрей Назаров бастаған «Нефтехимик» командасы кездесті.

Қазақстандықтардың турнирдегі алғашқы голы үшінші кезеңде ғана соғылды. Артем Лихотников сол қапталдан келіп соққы бағыттады, қақпадан серпілген шайбаға да өзі бірінші жетті. Бұл кезде татарстандықтар 2:0 есебімен алда келе жатқан болатын. Есеп 2:1 болған соң қонақтар ойын қарқынын үдете түсіп, тағы екі шайба соқты.

Еске сала кетейік, Нижнекамскінің «Нефтехимигі» былтыр Президент Кубогын жеңіп алған болатын.

19:30-да елордадағы аренада «Барыс» пен Хабаровскінің «Амур» командасы күш сынасады.

Соңғы жаңалықтар