Президент кубогы: Назым Қызайбай чемпион атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан Президент кубогында 51 келіде чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол финалда тағы бір қазақстандық боксшы Жайна Шекербековдан басым түсті. Екеуі бір-бірімен жақсы таныс. Шеберлік деңгейін жақсы біледі. Бүгін Назым өзінің дайындығы жоғары екенін танытты.

Қыздар арасындағы жекпе-жектерде 57 келі салмақта да жеңімпаз анықталды. Бұл салмақта қазақстандық Айжан Қожабековамен қолғап түйістірген ресейлік Дарья Абрамова жеңіске жетті. Нәтижесінде ол жеңімпаз тұғырына көтерілді.

Сондай-ақ, 60 келіде тағы бір қазақстандық былғары қолғап шебері Римма Волосенко үндістандық Парвинді жеңіп кетті.

69 келіде Дариға Шәкімова да чемпион атанды. Ол финалда қытайлық Ян Лиді тізе бүктірді.

Қазақстандық боксшы Надежда Рябец 75 келіде ресейлік Елена Гапешинадан айласын асырды.

Енді жігіттер арасындағы жекпе-жектер басталады. Онда сегіз салмақта жүлделер сарапқа салынады. Сегіз жекпе-жектің алтауында қазақстандық боксшылар өзара чемпионды анықтайды

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын аталмыш турнирде финалға шыққан боксшылар жайында хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар