Президент кубогы: Қазақстандық боксшылар алғашқы айқасын жеңіспен бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кеше, яғни 16 шілде күні елордада бокстан Президент кубогы халықаралық турнирі жалауын көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың алғашқы күні алты салмақ дәрежесі бойынша боксшылар жұдырықтасты. Олардың қатарында Қазақстан ұлттық құрама мүшелері де бар.

Атап айтар болсақ, 57 келідегі Қайрат Ералиев филиппиндік Марионмен қолғап түйістіріп, қарсыласын ұтып, келесі айналымға өтті.

63 келі салмақта Азия чемпионатының қола жүлдегері Санатәлі Толтаев болгариялық Кирилл Русиновтан айласын асырса, осы салмақтағы Зәкір Сафиуллин (Азия чемпионатының күміс жүлдегері) де келесі айналымға өтті.

«Қазақтың салмағы» атанып кеткен 69 келіде жұдырықтасқан Абылайхан Жүсіпов алжирлік боксшыны ұтса, осы салмақтағы Талғат Шайкен қытайлық қарсыласын қапы қалдырды.

91 келідегі команда үздігі Василий Левит үндістандық Танвар Наманнан басым түсті. Ал Айбек Оралбай Өзбекстан өкілі Сардон Ермұхамедовты жарыс жолынан шығарды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Президент кубогына ерлер құрамасы мен әйелдер құрамасынан кімдер қатысатынын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар