Президент кубогы: Финалда шаршы алаңға кімдер шығады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында бокстан Қазақстан Президенті кубогының жартылай финал ойындары өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ерлер арасында жартылай финалға Өзбекстаннан келген жеті боксшы шыққан еді. Дегенмен олардың ешбірі финал жолдамасына қол жеткізе алған жоқ. Атап айтқанда, 57 келіде Ілияс Сүлейменовтің қарсыласы Миразизбек Мирзахалилов жекпе-жектен бас тартса, 75 келідегі Тұрсынбай Құлахметпен қолғап түйістірген Ражаббой Атаназаров бірінші раундтан кейін алған жарақатына байланысты жарысты жалғастыра алмады. Сондықтан Президент кубогы финалында негізінен қазақстандық боксшылар өзара шеберлік байқасатын болды. Олардың қатарында ресейлік Вадим Туков 75 келіде Тұрсынбай Құлахметпен шаршы алаңға шықса, 63 келіде үндістандық Тапа Шива Закир Сафиуллинмен бақ сынасады.
Тағы бір айта кетерлігі, 57 келіде әлем чемпионы Қайрат Ералиев Алматы облысынан келген Рустам Рустамовқа жол беріп қойды.
Ал 63 келіде Закир Сафиуллин соңғы Азия чемпионатында алтыннан алқа таққан тәжік жігіті Баходур Усмоновты орта жолда қалдырып кетті. Олимпиаданың күміс жүлдегері Василий Левит жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының чемпионы Айбек Оралбаймен қолғап түйістіреді.
Ал қыздар арасында 51 келіде Назым Қызайбай мен Жайна Шекербекова қолғап түйістіреді. Сондай-ақ, 2016 жылғы әлем чемпионатының жүлдегері Алуа Қожабекова 2016 жылғы Еуропа чемпионы ресейлік Дарья Абрамовамен шаршы алаңға шығады.
Қыздар арасында ресейлік Дарья Абрамова (57 келі), Елена Галешина (75 келі), қытайлық Ян Ли (69 келі) және үндістандық Парвин (60 келі) финалға шықты. Қалған боксшылардың барлығы - қазақстандықтар.
Естеріңізге сала кетелік, финалдық жекпе-жектер Нұр-Сұлтан уақытымен 13.00-де басталады. Жекпе-жектер Qazsport телеарнасынан көрсетіледі.
Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын жартылай финалға шыққан боксшылар жайында хабарлаған едік.
- Оралда дзюдодан республикалық турнир мәреге жетті
- Бокстан Қазақстан құрамасы Кубамен бірлескен жиын өткізеді
- Геннадий Головкин ІІМ-нің медалімен марапатталды
- XIX қысқы Сурдлимпиаданың ашылу салтанаты өтті
-
Конькимен жүгіруден әлем кубогында Қазақстан командасы үздік үштікке енді
-
Алматылық құсбегі «Қансонар – 2020» турнирінің бас жүлдесін жеңіп алды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам