Президент кубогы: Бүгін шаршы алаңға кімдер шығады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазір, яғни сағат 15:00-де Нұр-Сұлтанда халықаралық Президент кубогы додасының екінші жарыс күні басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі жарыс күнінде ерлермен қатар әйелдер де шаршы алаңға шығады. Бұрымды боксшылар арасында 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сәния Сұлтанқызы тәжікстандық боксшымен қолғап түйістірсе, 69 келі салмақта қос қазақстандық ару Мәдина Нұршаева мен Дариға Шәкімова өзара жекпе-жекке шығады.

Ал ерлер арасында 2019 жылғы Азия чемпионы Тұрсынбай Құлахмет, Қайрат Ералиев бастаған бірқатар боксшылар шаршы алаң көрігін қыздырмақ.

Бүгін Қайрат Ералиевке құрлық додасында кеткен есесін қайтаратын мүмкіндік туды. Ол үндістандық Кавиндер Бишт Сингхпен кездеседі. Естеріңізде болса, қос боксшы Азия чемпионатының ширек финалында кездесіп, үнді боксшысы жеңіске жеткен болатын.

Айта кетейік, осыған дейін Президент кубогын қазақстандық боксшылар жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар