+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.71 EUR 429.17
RUB 6.02 CNY 54.66
Jańalyqtar

Президент кубогы: Бокстан ұлттық құрама капитаны жеңіске жетті

2019 жылғы 20 шілде 16:52
Бөлісіңіз:
Президент кубогы: Бокстан ұлттық құрама капитаны жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында өткізілген бокстан Президент кубогы мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бокстан әлем чемпионаты: Тұрсынбай Құлахмет қарсыласын айқын басымдықпен ұтты Данияр Елеусінов кәсіби рингте 8-ші рет жеңіске жетті Қазақстандық боксшылар ІВО рейтингінде көтерілді

Бұдан бұрын турнирде қыздар арасында чемпион атанған спортшылар жайында хабарланды. Одан кейін жігіттер арасындағы алғашқы екі жеңімпаз атанған спортшылар белгілі болды. Одан кейін жігіттер арасында тағы төрт салмақтың жеңімпаздары анықталды.

Турнир барысында ауыр салмақтағы екі жекпе-жек те тартысты өтті. Екі салмақта да қазақстандық боксшылар сынға түсті.

Сарапшылар 91 келіге дейінгі салмақта Василий Левит пен Айбек Оралбай жекпе-жегін асыға күтті. Бүгінде 31 жастағы Василий халықаралық жарыстарда үлкен нәтижелерге қол жеткізіп үлгерді. 2016 жылы Олимпиадада күміс алса, 2017 жылы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Ал Азия чемпионатында 2009, 2015, 2017 жылдарда чемпион болды. Ал Айбек Оралбай жасөспірімдер арасында Олимпиада чемпионы атанған еді. Дегенмен, тәжірибелі боксшы Василий Левит өзін шаршы алаңда салқынқанды ұстады. Нәтижесінде алтыннан алқа тақты.

Ал 91 келіден жоғары салмақта Қамшыбек Қоңқабаев өз дайындығы жоғары екенін көрсетті. Ол финалда Нұрлан Сапарбайдан басым түсті. Нұрлан Сапарбай 2018 жылы жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада чемпион атанған еді. Ал Қамшыбек 2017 жылы әлем және Азия чемпионаттарында күміс жүлдегер болған. Ол бокстан ұлттық құраманың капитаны екені белгілі. Жекпе-жек барысында Қамшыбек қарсыласын қапы қалдырды.

Енді қазақстандық боксшыларды әлем чемпионаты күтіп тұр. Құрама бапкерлері оған қатысатын шәкірттерін бүгінгі турнир нәтижесінде анықтайтын болады. Дүбірлі дода 7-21 қыркүйек аралығында Ресейдің Екатеринбург қаласында өткізіледі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT