Президент кубогы: Әйелдер боксынан қола медальге кімдер қол жеткізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда бокстан Президент кубогының жартылай финалдық бәсекелері аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған кубокта ерлерден бөлек, 5 салмақ санатында бұрымды боксшылар да бақ сынап жатыр. Кеше барлық боксшы жартылай финалдық бәсекені аяқтап, финалға шыққан боксшылардың есімі белгілі болған.

Әйелдер арасында 52 келі салмақ санатында финалда екі қазақстандық боксшы алтын медаль үшін айқасқа түседі. Олар - әлем чемпионы Назым Қызайбай мен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Жайна Шекербекова.

Ал Ангелина Лукас пен Жансая Әбдірайымова қола жүлдегерлер қатарында.

57 келіде сынға түсіп жатқан Айжан Қожабекова ресейлік Дарья Абрамовамен Президент кубогының алтынын сарапқа салады.

60 келідегі Римма Волосенко ресейлік Анастасия Селинаны мерзімінен бұрын жеңді. Финалда ол үндістандық Парвинмен кездеседі.

69 келіде ұзақ уақыт үзілістен кейін шаршы алаңға қайта оралған Лондон олимпиадасының қола жүлдегері Марина Вольнова жартылай финалда қытайлық Ян Лиге жол беріп, қола медальді қанағат тұтты. Бұл салмақта Дариға Шәкімова ресейлік Эльмира Азизованы жеңіп, финалға жолдама алды.

Ал 75 келіде қазақстандық Надежда Рябец пен ресейлік Елена Гапеш алтын жүлдеге таласады. Финалдық кездесулер Нұр-Сұлтан уақытымен 13:00-де басталады.

Соңғы жаңалықтар