Президент кубогінде «Барыс» бүгін алғашқы матчын «Автомобилистпен» өткізеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Барыс» хоккей клубы ҚР Президенті кубогіндегі алғашқы матчын бүгін «Автомобилист» (Екатеринбург) командасымен өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойын елорда уақытымен сағат 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Тағы бір ойында «Металлург» (Магнитогорск) пен «Нефтехимик» (Нижнекамск) командалары өзара кездеседі.

Турнир 19 тамызда мәреге жетеді.

«Барыс» хоккей клубынан мәлім еткеніндей, Президент кубогі матчтарына қатысатын команда құрамы мынадай:

Қақпашылар: Джелал-ад-Дин Әмірбеков, Никита Бояркин, Андрей Шутов.

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Кристофер Биграс, Тамирлан Гайтамиров, Михаил Григорьев, Джесси Грэм, Самат Данияр, Максим Минеев, Эмиль Нұрғалиев, Юрий Сергиенко, Владислав Семин, Тимур Фаткуллин, Егор Шалапов, Эдуард Шетле.

Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Джереми Бракко, Линден Вей, Дмитрий Гурков, Диас Гусейнов, Динмухамед Кайыржан, Энтони Луис, Кирилл Максимов, Абай Манғысбаев, Никита Михайлис, Батырлан Мұратов, Егор Петухов, Михаил Рахманов, Андрей Рунов, Кирилл Савицкий, Антон Сагадеев, Аңсар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін шайбалы хоккейден Қазақстан Президенті кубогі басталады.


Фото: www.teahub.io




Соңғы жаңалықтар