Президент ҚР Тәуелсіздігі Күніне арналған шараларды өткізуде қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тапсырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы болды.

Астана мен Алматы қалаларының және облыс әкімдерінің қатысуымен өткен отырыс барысында ұлттық қауіпсіздікті және қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды.

Қазақстан Президенті қатысушыларға арнаған сөзінде биыл еліміз бірқатар тарихи маңызды оқиғаны мерекелейтінін айтты.

- Биыл біз Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеміз. Бұл оқиға аясындағы барлық мерекелік іс-шаралар тиісті қоғамдық-саяси тәртіпті қамтамасыз ете отырып, жоғары деңгейде өткізілуі керек. Бұл әсіресе біздің сыртқы және ішкі қауіпсіздігімізге әсер ететін әлемдегі сын-қатерлердің артуы кезінде айрықша өзекті болып отыр, - деді Елбасы.

Бұдан бөлек, өңірлер әкімдеріне Ұлт жоспарын, қабылдаған әлеуметтік міндеттемелерді тиімді орындау, жұмыспен қамту және халықтың мұң-мұқтажына уақытылы назар аудару, сондай-ақ жергілікті жерлерде идеологиялық жұмыстарды жақсарту жөнінде міндеттер қойылды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Соңғы жаңалықтар