Президент «ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Заңға қол қойды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Айта кетсек, бұған дейін Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Заң қабылданған болатын.

Сонымен, Ата Заңның 5 бабына өзгерістер енгізіліп, 1 бап қосылды.

Енді Президент мандаты қайта сайлану мүмкіндігінсіз бір мерзімге, яғни 7 жылға шектеледі.

Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының атауы қайтадан Астана болып өзгереді.

Сондай-ақ, Конституциялық Сот судьяларының қайта тағайындалуына шектеу қоя отырып, олардың өкілеттік мерзімі 8 жылға дейін ұлғайтылады.

Соңғы жаңалықтар