Президент Қосшы ауылындағы ауыз су мәселесін тез арада шешуді тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Ақмола облысының әкіміне Қосшы ауылы халқын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің Твиттердегі парақшасына сілтеме жасап.

«Үкімет пен Ақмола облысының әкіміне Қосшы ауылы тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін тез арада шешуді тапсырдым. Бұл - тұрғындардың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін жүйелі инфрақұрылымдық проблема», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, елорда маңындағы Қосшы ауылында төтенше жағдай орын алып, кей тұрғындар ауыз сусыз қалған болатын. Бүгін Төтенше жағдайлар комитеті бұл мәселе жақын арада шешілетінін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар