Президент көрсеткен міндеттер дамудың одан арғы траекториясын айқындайды - Ахметжан Шардинов

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бүгін қалалық кеңестің Экономика және бюджет бойынша комиссиясының отырысы өтті. Жиналғандар ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында айтылған міндеттерді талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Комиссия төрағасы Ахметжан Шардиновтың айтуынша, Мемлекет басшысы көрсеткен міндеттер дамудың одан арғы траекториясын айқындамақ.

«Бұл міндеттер жүзеге асырылған жағдайда Қазақстан үшін алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына кіру мүмкіндігі өте айқын. Бірінші кезекте Елбасы экономиканы индустрияландыруға, жаңа технологияларды енгізуге басымдық берді. 2018 жылы «цифрлық дәуір» өнеркәсібін қалыптастыруға арналған индустрияландырудың үшінші бесжылдығын әзірлеуге кірісу керек. Бұл өте орынды айтылған ой. Себебі индустрияландыру процесі инновациялық технологияларсыз мүмкін емес. Ал ресурстар потенциалын үнемдеу мәселесіне келсек, энергия өндіретін кәсіпорындардың өзінің экологиялық тазалығын, үнемділігін қамтамасыз ету аса маңызды мәселе. Бизнес климатты жақсартуға қандай әрекет жасап, бизнесті одан әрі реттеуге бағытталған қандай заң қабылдау керектігіміз айқындалды», - деді Ахметжан Шардинов.

Айта кету керек, 9-қаңтарда ҚР Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті Жолдауын жариялаған болатын.

Соңғы жаңалықтар