Президент коронавируспен күресіп жатқандарға сыйақы беруді тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавируспен күреске жұлдырылғандарға 1 лауазымдық жалақы көлемінде сыйақы беру қажет. Бұл туралы Ақордада Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Денсаулық сақтау министрлігі жанында COVID-19-ды мониторингілеу және есепке алу бойынша жедел орталық жұмыс істейді, оған 21 наурызда барып, жағдаймен таныстым. Оның іркіліссіз және тиімді жұмысын қамтамасыз ету қажет. Бүгінде біздің азаматтарымыз - дәрігерлер, полицейлер, өзге де мамандар алдыңғы шепте жұмыс жасауда. Олар демалыстың не екенін білмейді, отбасыларын сирек көріп, өздерін үлкен тәуекелге душар етіп жүр. Дегемен, осыған қарамастан өздерінің азаматтық және қызметтік борыштарын толықтай орындауда», - деді Мемлекет басшысы.

Осы ретте Қазақстан Президенті коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүрген азаматтарымызға шынайы ризашылығын білдірді.

«Үкімет пен әкімдіктерге коронавируспен күрес жөніндегі шараларға жұмылдырылған дәрігерлерге, полицейлерге және өзе де мамандарға 1 лауазымдық жалақы көлемінде сыйақы төлеуге қосымша қаражат тауып, қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар