Президент Қорғаныс министрлігінің жұмысын сынға алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің жұмысын сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқаны көрініп тұр. Алайда біз қазір жүйелік кемшіліктердің, сондай-ақ әскери ведомство тарапынан бақылаудың әлсіреуінің салдарымен күресіп жатырмыз. Қорғаныс министрлігі жүйесіне келгеніңізге көп болған жоқ, алайда саладағы жағдайға толық жауаптысыз. Жоғарғы Бас қолбасшы ретінде Қорғаныс министрлігінде туындаған жағдайға қанағаттанбаймын. Сондықтан сізге қатаң сөгіс жариялаймын», - деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Президент Арыстағы жарылыстың салдары өте ауыр екенін атап өтті.

«Біз күш-жігерді осы салдарды жоюға жұмылдырдық. Қаланың басым бөлігі қирады», - деді Қ.Тоқаев.

Еске салсақ, ҚР Президенті Нұрлан Ермекбаевқа қатаң сөгіс жариялағаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар