Президент Қордайда жол апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайдағы жол апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің Твиттердегі парақшасына сілтеме жасап.

«Қордай тас жолында болған ірі жол апатынан 11 адам көз жұмды. Арасында Өзбекстан азаматтары да бар. Марқұмдардың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Өзбекстан Республикасының Президентіне жеделxат жібердім. Біздің жолдарымыздың аxуалы үлкен алаңдаушылық туғызып отыр, ІІМ-де өткен кеңесте осы мәселені айттым. Үкіметке шұғыл түрде шаралар қабылдауды тапсырдым», - деп жазады Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетейік, бүгін «Алматы-Ташкент» автожолының бойында ірі жол апаты болып, 11 адам қаза тапты. Тағы 5 адам ота үстелінде, ал 3 адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Соңғы жаңалықтар