Президент қордаланған түйткілді мәселелерді шешу жолдарын ұсынды - Нұрхат Ораш

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында жасаған мәлімдемесі қазақстандықтарға жақсы өмір сүруге жаңаша бір леп берді. БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Нұрхат Ораш осыған орай өз пікір-пайымын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Президент сөзінде халықтың көкейінде жүрген сұрақтардың көпшілігіне жауап берілді.

-Көлік айдайтын көп достарым утилизациялық алымға соншама қаражат неге төлейміз, біздің елде көлік бағасы сондықтан қымбат деп талқыға салып жүр еді, енді, міне, бұл сұрақтың да шешімі табылғандай болды. Кәсібін бастағысы келіп жүрген жас достарым «Атамекен» беретін 505 мың теңге ойлаған жобамызға жетпейді деп еді. Енді, міне, оның көлемін 400 АЕК-ке дейін көтерді. Арғы жағында кәсібі өрге домаламаса, үкіметтің кінәсі емес, әр азаматтың жеке ісі, - дейді ол.

Н.Ораштың сөзіне қарағанда, өзі танитын азаматтар 700 мың теңге ақшамен 1 млрд теңге айналымы бар кәсіптерін жүргізуде.

Қытаймен екі ортада кәсіп жасайтын достары «Қорғас» кедені төңірегі шектен шығып кеткен деп жиі айтады екен.

Президент бұл жағдайды да назардан тыс қалдырмай, қатаң қадағалауға тапсырма берді. «Самұрық-Қазынада» не деген бітпейтін қаражат деп көп сұрақ қойылатын еді, алдағы

уақытта бұл квазимемлекеттік мекеме де үлкен тексеріске ұшырап, қаржының тиімді жұмсалуы қадағаланатын болады.

Соңғы кезде көптеген сәби жазылуы қиын дерттерге тап болып, құны бірнеше миллион тұратын уколдарды қажет етіп жүр еді. Мемлекет басшысы ұсынған «Қазақстан

халқына» қоры осындай сәбилеріміздің емін алдағы уақытта көтеретін болады.

«Менің негізгі жұмысым жастармен тікелей байланысты болғаннан соң «Жастар тәжірибесі» және «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасы етене таныс. Бұл бағдарламалар көптеген жастың тұрақты жұмысқа орналасуына мол септігін тигізді. Осы орайда өзге салаларда жұмыс жасайтын таныстарымның «Сіздер концерт, КВН ұйымдастырып, мәз-мейрам болып жүресіздер» деген пікіріне жауап бергім келеді. Жастар саясаты мәселелері басқармасы – оң-солын әлі танып үлгермеген жастарды алғашқы жұмыс орнына жолдайтын бірден-бір орган.

Елдегі инфляцияға байланысты тұрғындарымыздың жалақысын көтеріп отыру туралы тапсырма берілді, халықтың Президенттен күткен негізгі сөзі осы болған шығар, себебі 100 мың теңге алатын азаматтық қызметкер де, 200 мың алатын мемлекеттік қызметші де жақсы өмір сүруді көздейді. Өзінің жеке тұрғын үйі, көлігі болғанын қалайды.

Еңбек демалысының қаражатына қарызын жаппай, демалысқа жұмсағысы келеді. Алдағы уақытта дәл осылай болады деп сенемін.

Мәлімдемеге байланысты түрлі саладағы достарыммен пікір алмастым, барлығы Президентімізді қолдап отыр. Дегенмен айтылған сөз бар, жасалатын іс бар. Ендігі кезекте біздердің тарапымыздан да жауапты секторларымызда айрықша жауапкершілікпен жұмыс жасап, еңбек етуіміз қажет. Ең бастысы, тындырар ісіміз көп болсын!», деп түйіндеді ойын

Нұрхат Ораш.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Әділгерей Зұлхаровтың жаңа Қазақстанды құруға атсалысу жастардың борышы екендігі жөнінде айтқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Дулат Жүсіпқалив жастарға жүктелер міндет көп, сенім де мол екендігін жеткізді.





Соңғы жаңалықтар