Президент көмекшiсi Аида Балаева СҚО тұрғындарын жеке қабылдайды
СҚО әкімдігінің ақпаратына сәйкес, А.Балаева жұртшылықпен 13 қыркүйек күні (сағат 10.00-ден бастап) «Nur Otan» филиалының қоғамдық қабылдауында кездеседі.
«Толық ақпаратты 8 (7152) 34-02-04 телефон нөмірі арқылы алуға болады», - деді әкімдіктен.
Президент көмекшісі бұған дейін Қарағандыдағы «Nur Otan» партиясы филиалында өңір халқын қабылдаған болатын.
Еске салсақ, А.Балаева Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып биылғы 22 шілдеде тағайындалды.
Жаңа қызметіне кіріскен алғашқы үш аптада ол 100-ден астам адамды жеке қабылдағанын жазған едік. А.Балаеваның айтуынша, халықты толғандыратын негізгі мәселелер – тұрғын үй, банк несиелері, сот шешімдері мен құқыққорғау органдарының әрекеттері.