Президент: Қолымызда салықты толық төлеуден жалтарып отырған алпауыттар жөнінде мәліметтер бар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ірі компаниялардың салық төлеуі – күрделі мәселе. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы еліміздің бизнес өкілдерімен кездесуі барысында ірі кәсіпорындардың салық төлеу және есеп беру мәселелерін ретке келтіру қажеттігі туралы айтты.

«Ірі компаниялардың салық төлеуі – күрделі мәселе. Қолымызда түрлі себептерді сылтауратып, салықты толық төлеуден жалтарып отырған алпауыттар жөнінде арнаулы органдар ұсынған мәліметтер бар. Премьер-Министрге осы мәселені түбегейлі шешуді және қазынаны тиесілі қаражатпен қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар