Президент: Қолма-қол ақшасыз экономикаға қарай жүруіміз қажет
«Бизнесті заңсыз әкімшілік қысымдар мен қылмыстық қудалау қатерінен қорғауды күшейту қажет. 2019 жылдың 1 қаңтарынан салықтық бұзушылықтарға қылмыстық жауапкершілік қолдану шегін оларға айыппұлды арттыра отырып, 50 мың АЕК-ке дейін көтеруді тапсырамын. Бүгінде басшылар құжатқа қол қоюға ертең келіп «жағадан» алады деп қорқады және қорқытады. Мен Ұлттық қауіпсіздік қызметіне мұндай шешеуніктерді ұстап, қылмыстық іс қозғауды тапсырамын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысының пайымынша, сондықтан Экономикалық тергеулер қызметін қайта құрып, оған Қаржылық бақылау комитетінің функцияларын беру қажет және оның негізі қызметі көлеңкелі экономикамен күрес болуы тиіс.
«Біз қолма-қол ақшасыз экономикаға қарай жүруіміз қажет. Қолма-қол ақша жүрген жерде пара, бұзушылықтар орын алып, экономика көлеңкеде болады. Салық, зейнетақы қорына, әлеуметтік қорға аударым жасалмайды. Үкімет экономиканың көлеңкелі айналымын 3 жылдың ішінде кемінде 40 пайызға қысқарту бойынша нақты шаралар қабылдауы тиіс», - деді Мемлекет басшысы.