+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Президент қоғам қайраткері Сұлтан Сартаевтың отбасына көңіл айтты

2019 жылғы 13 желтоқсан 19:19
Бөлісіңіз:
Президент қоғам қайраткері Сұлтан Сартаевтың отбасына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтан Сартаевтың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы: Қазақстанға шетелден тікелей инвестицияны тарту жұмысын тоқтатпау керек Намысымыз қайда – Президент импорттық дәрілерге тәуелділік жайлы Енді нәтиже керек – Президент халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жайлы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, танымал ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, заң ғылымдарының докторы Сұлтан Сартаевтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

– Сұлтан Сартайұлының дүниеден өтуі туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдадым. С.Сартаев Тәуелсіз Қазақстан Конституциясының негізін қалаушылардың бірі болды. Еліміз егемендік алған тұста отандық заңнаманың қалыптасуына, демократиялық құндылықтардың орнығуына мол еңбек сіңірді. Соңына жарқын із, өшпес мұра қалдырды, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сұлтан Сартаевтың еліне сіңірген ерен еңбегін, өнегелі өмірімен халықтың шынайы құрметіне ие болған жан екенін, сондай-ақ, асыл азаматтың өмір жолы кейінгі ұрпаққа үлгі болатынын атап өткен.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT