Президент ҚК және министрлердің кандидатурасын неліктен Елбасымен келісу керектігі түсіндірілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев ҚР Президенті Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің және министрлердің кандидатураларын неліктен Елбасымен келісуі қажеттігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Осы мәселе бойынша барлық нормалар Қауіпсіздік Кеңесі туралы заңды қабылдау кезінде бекітілген болатын. Президент Жарлығына қол қойылды, ол барлық рәсімдерді нақты регламенттейді. Белгілі бір лауазымдар келісуге жатады деген шешімді Парламент қабылдап, Президент қол қойған», - деді М. Бекетаев Үкімет отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.
Оның пайымынша, мұндай тетік елдегі қос билік бар дегенді білдірмейді.
«Әрине, ондай жағдай жоқ. Көптеген елдерде осы тектес рәсімдер бар, яғни маңызды саяси лауазымдар тиісті органдармен келісіліп келеді», - деді министр.
Ведомство басшысының айтуынша, егер де Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ұсынылған кандидатурамен келіспесе, онда бұған қатысты кейінгі іс-қимылдар регламентте анық көрсетілген.
«Жарлықта барлық рәсімдер нақты көрсетілген, онда шешім қабылданғанша, консультация ескерілген. Сондықтан да консультация кезінде барлық мәселелер шешіледі. Соңғы шешімді Қауіпсіздік Кеңесі шығарады. Бұл - алқалы орган. Атап айтқанда, бұл шаралар келісудің қалыпты рәсімі болып саналады», - деді М. Бекетаев.
- Елордада қарсы жолақпен жүрген таксистке қатысты іс қозғалды
- Алматыда қылмыс деңгейі 47,8% төмендеді
- Коронавирус: Қазақстанға шетелден 345 азамат анықтамасыз келді
- Қазақстандықтар Әділет министрлігіне көбіне қандай мәселелер бойынша жүгінеді
-
Әділет министрлігі өткен жылы тіркелген нысандар туралы жария етті
-
Петропавлда 3 жасар қызын өлімші етіп сабаған 22 жастағы келіншек қамауға алынды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам