Президент кибер дауларға қарсы әрекет етудің бірыңғай платформасын енгізуді тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік құнды қағаздарды халықаралық индекстерге енгізу жөніндегі іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру үшін Қаржы министрлігінің, Ұлттық банктің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өзара іс-қимылын күшейту керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банктің есебін қабылдаған кезде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп мемлекеттік қарыз алу саясатын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Алдымызда қор нарығын жаңа деңгейге шығару үшін ведомствоаралық үйлестіру жұмыстарын арттыру міндеті тұр. Мемлекеттік құнды қағаздарды халықаралық индекстерге енгізу жөніндегі іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру үшін Қаржы министрлігінің, Ұлттық банктің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өзара іс-қимылын күшейту керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кибер қауіптерден қорғану мәселесінің өзектілігін ескере отырып, қаржы секторының кибер қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ұлттық банкке 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін жинақтаудың, мониторингтеудің және қаржы саласындағы кибер дауларға қарсы әрекет етудің бірыңғай технологиялық платформасын енгізу тапсырылды.


Соңғы жаңалықтар