Президент «Керуен-Medicus» клиникасының жаңа корпусын аралап көрді

None
Фото: t.me/aqorda_resmi
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев медицина мекемесінің клиникалық-диагностикалық бөлімшесін аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың Telegram каналына сілтеме жасап.

Клиникада ересектер мен балаларға амбулаториялық-емханалық, диагностикалық және стационарлық көмек тек ақылы негізде ғана емес, Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында да көрсетіледі. Мекеме 18 мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді.

Президент клиника қызметкерлерімен әңгімелесу барысында арнаулы жоғары технологиялық медициналық мекемелер мен орталықтар ашу маңызды екенін атап өтті.

Сондай-ақ олардың аса жауапты еңбегіне табыс тіледі.



Соңғы жаңалықтар