Президент кеңесшісі Ұлттық кеңес мүшелерімен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бірқатар мүшесімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық кеңестің бірқатар мүшесімен кездесіп, Президенттің жуырда жариялаған жаңа бастамалары қалай жүзеге асырылатындығы туралы ақпарат бердім. Ұлттық кеңестің желтоқсан айында өткен екінші отырысы бойынша Президент Әкімшілігінің жетекшісі Ерлан Жақанұлы Қошановтың қолымен арнайы Жоспар бекітілді. Ол жоспарға сәйкес тиісті мемлекеттік құрылымдар жуық арада әр бастама бойынша заң жобаларын дайындауы қажет», - деп жазды Ерлан Қарин Facebook-тегі парақшасында.

Оның атап өтуінше, Жоспардың орындалуы Президент Әкімшілігінің қатаң бақылауында тұр.

«Әр аптада мемлекеттік органдардың Жоспарда бекітілген міндеттердің орындалуы туралы ақпараты тыңдалады. Одан басқа, әріптестермен Ұлттық кеңестің аясында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың жалпы бағытын талқыладық. Ортақ түсінік бар. Алда үлкен жұмыс күтіп тұр», - деп атап өткен Ерлан Қарин.





Соңғы жаңалықтар