Президент кеңесшісі мен Серік Жұманғарин азық-түлік мәселесін талқылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин ҚР Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Сэр Сума Чакрабартимен ішкі нарықты азық-түлікпен қамту мәселесін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Вице-премьер министрлік қызметінің өзекті мәселелері туралы, атап айтқанда, Қазақстан нарықтарын азық-түлік тауарларымен толықтыру және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шараларға тоқталды.

«Басты міндетіміз – бағаның күрт көтерілуіне жол бермеу. Бұл бағыттағы жұмыстарды министрлік орталық мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен, тауар өндірушілермен, бөлшек сауда өкілдерімен және нарықтың басқа да субъектілерімен бірлесіп жүргізіп жатыр. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр. «Айналым схемасы« бойынша қаржыландыру тетігі қайта форматталды», — деп түсіндірді Серік Жұманғарин.

Онымен бір мезгілде, министр атап өткендей, маусымаралық кезеңде Орталық Азия елдерінен ерте импорттық жеміс-көкөніс өнімдерін форвардтық сатып алуды ұйымдастыру бойынша шаралар қолға алынды.

Тағы бір маңызды міндет – тауар балансын қалыптастыру процесін автоматтандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жыл соңына дейін ұлттық тауар өткізу жүйесін іске қосу жоспарланып отыр.

Сэр Сума Чакрабарти аталған шаралар тиімді әрі уақытылы қабылданғанын, сондай-ақ өз өндірісімізді дамыту ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.


Фото: primeminister.kz



Соңғы жаңалықтар