Президент Қазақстанның бірқатар мемлекеттегі елшілерін қызметінен босатты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Сингапур, Жаңа Зеландия, Германия, Иордания, Ирак, Ливан және Палестина мемлекеттеріндегі елшілер лауазымдарынан босатылды. Бұл туралы Ақордадан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Үсен Әбдіқадырұлы Сүлеймен Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан;

Болат Тұрарұлы Нүсіпов Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен;

Азамат Рахманқұлұлы Бердібай Қазақстан Республикасының Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы, Ливан Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Бұған дейін Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының Сингапур, Германия, Иорданиядағы Елшілері тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар