+7 (701) 759 90 19
USD 425.73 EUR 498.32
RUB 5.8 CNY 65.85
Jańalyqtar

Президент Қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихы бойынша бірыңғай оқулықтарды енгізуді тапсырды

2021 жылғы 26 қаңтар 14:16
Бөлісіңіз:
Президент Қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихы бойынша бірыңғай оқулықтарды енгізуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы» бойынша бірыңғай мектеп оқулықтарын даярлауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстанға екі күндік жұмыс сапарының видеосы жарияланды Ауғанстанның жаңа билігі жастардың Қазақстанда білім алуына кедергі болмайды деп үміттенемін - Тоқаев Ауғанстанның жаңа билігімен бейресми диалогқа бастама жасау қажет – ҚР Президенті

«Оқушыларды оқыту мен дамытудың басқа да түрлері арасында дұрыс теңгерім болуы керек. Әлемдік тенденцияны ескере отырып, математика, тіл, информатика секілді басымдықты пәндерге ерекше мән берген жөн. Оқулықтар сапасы бойынша көтеріліп жүрген мәселелер бар», - деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

«Тарихи оқиғалар мен фактілер оқушыларға ешбір бұрмалаусыз жеткізілуі керек. Сондықтан «Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы» бойынша бірыңғай мектеп оқулықтарын даярлап, енгізуді тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент 900 мыңға жуық бала 11 мың мектепке дейінгі мекемелерде тәрбеленіп жатқанын атап өтті. Алайда оның ішінде 36 пайызында кәріз жүйесі жоқ, 29 пайызы ыстық сумен және 11 пайызы жылы дәретханамен қамтамасыз етілмеген.

«Осыған назар аударыңыздар, барлық әкімдер бұл мәселені қадағалауға алуы керек», - деді Қ. Тоқаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT