Президент Қазақстан футболшыларын бүгінгі жеңісімен құттықтады
2022 жылғы 22 қыркүйек 22:24

Президент Қазақстан футболшыларын бүгінгі жеңісімен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан футбол құрамасын бүгінгі жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін Беларусь командасын жеңген футболшыларымыз Ұлттар лигасындағы өз тобында жеке-дара көш бастады. Бұл – отандық футболдың зор жетістігі. Ұлттық құрамамызды құттықтаймын! Жеңістен жеңіске жете беріңіздер!» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан өз алаңында Беларусь құрамасын жеңіп, UEFA Ұлттар лигасының В дивизионына жолдама алды.

Екі құрама бұған дейін бір-бірімен алты ойын өткізген.

Оның екеуі тең нәтижемен аяқталса, қалғанында беларусьтер жеңіске жеткен еді.


Фото: akorda.kz




Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT