Президент: Қазақ үшін даладан қымбат ештеңе жоқ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақ үшін даладан қымбат ештеңе жоқ. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «31арнада» көрсетілген «Президент 2.0» деректі фильмінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақ үшін даладан қымбат ештеңе жоқ. «Степь» сөзі қазақша - дала. Ал «Ұлы дала» - ұлан-байтақ еліміз, қазақтың жері, Қазақстан дегенді білдіреді. Бірақ, біздің тауларымыз да бар, Алматыда. Сондықтан даланы барша қазақтың атамекені деп атаймыз», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы жеріміздің аумағындағы таулардың да маңызын баса айтты.

«Ұлы ақын Олжас Сүлейменов айтқандай: «Даланы төмендетпей, тауларды ұлықтау» қажет. Міне, біз осылай өмір сүріп жатырмыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: mfa.kz

Соңғы жаңалықтар