Президент қай газеттерді оқитынын айтты

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мерзімді баспасөзді үзбей қараймын. Бұл туралы «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасындағы сұхбаты кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сұхбат барысында тілші Президенттен күнделікті қандай ақпарат көздерін пайдаланатынын сұрады.

Мемлекет басшысы мерзімді баспасөзді үзбей қарайтынын айтты.

« Бұл – менің бұрыннан қалыптасқан дағдым. «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Астана ақшамы» газеттерін оқимын. «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті», «Жас қазақ», «Түркістан» газеттерін де міндетті түрде оқып тұрамын. Жалпы, мен көп оқитын адаммын. Жақсы мақала немесе сұхбат көрсем, астын сызып оқуға тырысамын. Өзекті мәселе байқасам, оған қатысты нақты тапсырма беремін. Әлеуметтік желідегі өткір жазбаларды да үнемі шолып отырамын. Ал, теледидардан жаңалықтар мен сараптамалық бағдарламаларды көремін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар