Валюта бағамдары:
    usd/kzt 434.34 eur/kzt 491.93

    rub/kzt 5.56 cny/kzt 68.67
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: -15 °С
Алматы: 0 °С

Президент қатысуымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын табыстау шарасы басталды

2021 жылғы 8 желтоқсан 11:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын табыстауға арналған салтанатты іс-шара басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленді. Грант ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Ғылым», «Мәдениет», «Бизнес», «Ақпараттық технологиялар», «Медиа» бағыттары бойынша беріледі.

Конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталғанда 14-29 жас аралығындағы жастар грант алуға үміткер бола алады. Бүгін үздік 30 жобаға 3 млн теңгеден табысталмақ.

Гранттар ҚР азаматтарына жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін жоғарыда аталған бағыттар бойынша конкурстық негізде:

«Ғылым» - ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобалар мен зерттеулерді іске асыру;

«Мәдениет» - Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыру;

«Ақпараттық технологиялар» - жаңа IT-шешімдер мен жобаларды, оның ішінде бастаушы стартап-жобаларды іске асыру және әзірлеу;

«Бизнес» - экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру;

«Медиа» - жаңа медиа-жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контентті құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін беріледі.


Автор:

Марлан Жиембай

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар