Президент Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді елорда әуежайында күтіп алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді елорда әуежайында күтіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сапар аясында ертең жоғары деңгейдегі екіжақты келіссөздер жүргізіліп, бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ 13 қазанда шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысады.

Фото : t.me/bort_01




Соңғы жаңалықтар