Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинге құттықтау жеделхатын жолдады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы лауазымына қайта сайлануымен құттықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

«Бұл жеңісіңіз отандастарыңыздың Сізге және Қытайдың саяси-экономикалық іргесін нығайтуға, азаматтарының әл-ауқатын еселеуге және халықаралық сахнадағы беделін арттыруға бағытталған дана да көреген саясатыңызға көрсеткен кең қолдауының айғағы екені сөзсіз.

Сіздің басшылығыңызбен еліңіз бүгіннен де биік белестерге жете беруіне шынайы тілектестігімді білдіремін», - деп жазылған жеделхатта.

Бұған дейін Си Цзиньпиннің Қытай коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы болып қайта сайланғаны хабарланған еді.




Фото: akorda.kz


Соңғы жаңалықтар