Президент: Каспий құбыр консорциумы шетелдік инвесторлармен ұзақмерзімді ынтымақтастығымыздың символына айналды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Каспий құбыр консорциумы шетелдік инвесторлармен ұзақмерзімді ынтымақтастығымыздың символына айналды. Бұл жайында Каспий құбыр консорциумының 25 жылдығына арналған салтанатты жиында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Каспий құбыр желісі консорциумының ширек ғасырлық мерейтойы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Оның мән-маңызы зор. Консорциум шетелдік инвесторлармен ұзақмерзімді ынтымақтастығымыздың символына айналды. Жобаны Қазақстан мен Ресей және батыстық негізгі компаниялар бірлесе жүзеге асырды. Соның арқасында екі елдің мұнай тасымалдау саласындағы серіктестік нығая түсті», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты жиын барысында.

Мемлекет басшысы бүгінде құбыр желісі тұрақты жұмыс істеп тұрғанын атап өтті

«Бұған осы сала қызметкерлері орасан зор үлес қосып отыр. Каспий құбыр желісі консорциумының ұжымына, ардагерлері және акционерлеріне шынайы ризашылығымды білдіремін. Баршаңызға бақ-береке, толағай табыс тілеймін!», - деді ҚР Президенті.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Каспий құбыр консорциумының 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтіп жатыр.



Фото: i1.wp.com


Соңғы жаңалықтар