Президент қаржы министріне бюджет шығындарын оңтайландыруды тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайыловты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Қаржы министрлігінің қызметіндегі негізгі мәселелер; бюджеттің орындалу барысы, салық және бюджет саясаты, мемлекеттік қарыздың жағдайы туралы мәліметтер берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев бюджеттік шығындарды оңтайландыру және мемлекеттік бюджетке түсімді көбейту қажеттігін айтты. Сондай-ақ, Президент кедендік және салықтық әкімшіліктің тиімділігін арттыруды тапсырды.

Ә. Смайылов Мемлекет басшысына министрліктегі цифрландыру және өзге мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелермен байланысы бойынша атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар туралы баяндады.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар