+7 (701) 759 90 19
USD 387.16 EUR 428.47
RUB 6.08 CNY 55.13
Jańalyqtar

Президент Қарағандыдағы «Сарыарқа» АЭА-да бірқатар нысанды аралап көрді

2019 жылғы 23 тамыз 13:53
Бөлісіңіз:
Президент Қарағандыдағы «Сарыарқа» АЭА-да бірқатар нысанды аралап көрді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағындағы бірқатар нысанды аралап көрді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы полипропилен бұйымдарын жасайтын кәсіпорын жұмысымен танысты ҚР Президенті Ақмола облысындағы ет өңдеу зауытына барды ҚР Президенті «CNPC» басшылығына қазақстандық жұмысшылардың жалақысын көтеруді жүктеді

Өңірдің индустриялдық әлеуетімен танысу «Бёмер Арматура» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен басталды. Бұл – неміс технологиясы бойынша шарлы ілмекті арматура шығаратын бүкіл Орталық Азияда теңдесі жоқ кәсіпорын. Аталған өнім түрі мұнай-газ секторы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында сұранысқа ие.


Мемлекет басшысы содан кейін «Recycling Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты Қазақстандағы ескі көлік құралдарын өңдейтін тұңғыш зауытта болды. Жылына 50 мың автомобильге дейін қайта өңдеуге мүмкіндік беретін балқыту цехының жұмысы мен шредерлік құрылғы Президенттің ерекше қызығушылығын туғызды. Машиналарды жинап, өңдеудің кешенді әдісі еліміздің автомобиль паркін жаңартуға, экологиялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді.



«Альфарух» көтерме-бөлу орталығында Қасым-Жомарт Тоқаев кросс-док, климаттық қойма мен көтерме-бөлшек орталығын аралап көрді. Президент аталған нысанның транзиттік-логистикалық мүмкіндіктерін кеңейтудің маңыздылығын және Қарағандының тәжірибесін басқа өңірлерге енгізу қажеттігін атап өтті.




Сондай-ақ, мұнда Қарағандыдағы тұрғын үй құрылыстарының жүргізілу барысына арналған таныстырылым рәсімі өтті. Мемлекет басшысына алдағы уақытта облыс орталығының ажарын аша түсетін жаңа сәулет жобалары көрсетілді. Облыс әкімі Ерлан Қошанов Қарағандының жаңа орталығында бой көтеретін тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен спорт кешендері туралы баяндады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT