Президент қандай болуы керек - Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев президент қандай болуы керектігі туралы ойын айтты. Мемлекет басшысы бұл пікірін ҚР Президентінің телерадиокешені түсірген «Тарих сынында» деректі фильмі үшін берген сұхбатында білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент болып тумайды, президент болып қалыптасады. Бұл ретте адамның бір ғана жеке қасиеті аздық етеді. Жоғары жауапкершілігі мол адам болу керек. Президент - ол ерекше текті саясаткер, шешімдері миллиондаған адамның тағдырымен байланысы бар саясаткер. Бұл жауапкершілікті түсіне білу керек. Уақыттың тынысын, өз халқыңның тіршілігін түсініп, сезіну қажет», - деді Елбасы. 

Нұрсұлтан Назарбаев өзі жайында айта келе, халқының жан-дүниесін сезінбеуі мүмкін еместігін баса айтты. 

«Мен шалғайдағы ауылда өскен қазақпын. Жұмысшы болат қорытушыдан бастап, мемлекеттік басқару билігінің барлық сатысынан өттім. Бүкіл Қазақстанды, барлық облысты, барлық ауданды, барлық ауылды аралап шықтым. Осы жылдардың ішінде барлық жерде мені таныды. Халықтың не қалайтынын қалайша сезінбейін» - деді ҚР Президенті.

Соңғы жаңалықтар