Президент Исекешевке: Астананың басшысы ретінде өзіңді қашан көрсететініңді күттім

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешевтің Астана әкімдігіне біршама дайындықпен келгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әсет Орентайұлы едәуір тәжірибе жинақтады, көп жылдар бойы министрлікте қызмет етті. Осы тәжірибені алып, қала басшысы ретінде қашан көрсететініңді күттім», - деп атап өтті Елбасы ЭКСПО көрмесіне дайындық жұмыстарын пысықтауға арналған жиында.

Осыдан соң Президент Астанада мәдениет және спорт нысандары бос тұрғанын айтып, Астана әкімін, Мәдениет және спорт министрін сынға алды.

«Қаншама мәдениет, спорт нысандары бар, оны ешкім басқарып жатқан жоқ, қаңырап бос тұр, ақша таппайды. Бюджеттік қаражатқа қарап отыр. Батыстың арнайы компанияларының басқаруына беріңіздер. Ұсыныстар бар емес пе. Бірегей, үлкен спорт кешендері, театрлар салынды. Осында сырттан адамдар келуі тиіс, жарыстар, концерттер өтуі керек. Ешкім айналысып жатқан жоқ. Барлығы мемлекеттің қамтуында тұр. Арыстанбек, не істейміз?», - деп сұрады Президент ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қаратып айтқан сөзінде.

Өз кезегінде, Мәдениет және спорт министрі мәдениет нысандары 99 процентке толы екендігін және ЭКСПО шараларына билеттер аз қалғанын алға тартты.

Соңғы жаңалықтар