Президент іс басқармасының басшылығы Инженерлік-техникалық орталық қызметкерлерімен кездесті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқапарат - Президенттің Іс Басқармасы жүйесі кәсіпорындарының ұжымдарымен кездесулер жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ведомство жетекшісі Айбек Дәдебаев Телеграм арнасындағы парақшасына жазды.

«Бүгін инженерлік-техникалық орталықтың қызметкерлерімен сенімді диалог өтті. Кездесуге кәсіпорынның 150 қызметкері келіп, әлеуметтік қолдау және үстеме жұмыс үшін ақы төлеу, жұмыс жабдықтарын жаңарту, арнайы киіммен және қосымша кабинеттермен қамтамасыз ету, жұмыс процестерін неғұрлым тиімді ұйымдастыру мәселелерін талқыладық», - деді Айбек Арқабайұлы.

Оның мәліметінше, мұндай кездесулерді тұрақты және жоспарлы түрде өтіп тұарды.

«Әрбір проблемалық сұраққа жауап беріп, қатысушылардың әр ұсынысын зерделеу маңызды деп санаймын. Ең жиі қойылатын сұрақтарды біз udp-rk.kz сайтына орналастырамыз (Кері байланыс – Сұрақтар мен жауаптар). Сондай-ақ, қосымша сұрақтарды QR код арқылы жолдауға болады», - деп атап өткен А.Дәдебаев.

Айта кетейік, Президент Іс Басқармасының «Инженерлік-техникалық орталығы» РМК әкімшілік ғимараттарда орналасқан мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің операторы болып табылады. Олардың қатарында Ақорда, Министрліктер Үйі, Үкімет Үйі және т. б. бар.

Сонымен қатар, мекеме - Іс Басқармасы жүйесіндегі кәсіпорындардың ақпараттық бағдарламаларды әзірлейтін, сүйемелдейтін жүйелік интегратор.

«ИТО қызметкерлерінің көмегімен біз өз жұмысымызға цифрлық технологияларды табысты енгізудеміз», - деп те жазған арна авторы.


Соңғы жаңалықтар