Президент Іс Басқармасы ведомстволары арасында үстел теннисінен турнир өтіп жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін елордада Президент Іс Басқармасының ведомстволық ұйымдарының қызметкерлері арасында үстел теннисінен турнир басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл сайынғы дәстүрлі жарыста 10 команда өзара тартысқа түседі.

«ҚР ПІБ «ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК директоры Талғат Мүслімов аталған турнирдің ашылуы рәсіміне қатысты.


«ҚР Президенті Іс Басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдары арасында жыл сайын турнирлер өткізіліп тұрады. Бүгін біз үстел теннисінен турнир ұйымдастырдық. Мұның барлығы бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, бәсекелестік рухын, жеңіске деген жігерді баулу, сондай-ақ адамдардың бірлігі рухын насихаттау мақсатында жасалып жатыр. Демек, бір жағынан спорт болса, екінші жағынан өзара қарым-қатынасты нығайтады. Бұл жарыстарда біздің қызметкерлер бір-бірімен танысып, олардың арасында ынтымақтастық нығаяды», - деді Талғат Мүсілімов агенттік тілшісіне берген сұхбатында.


Айта кетейік, бүгінгі турнирге Президент Іс Басқармасы, Президент Телерадиокешені, «ҚР ПІБ Автошаруашылығы» РМК, «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» РМК, ҚР ПІБ Медициналық орталығы, «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» мемлекеттік мекемесі, «ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК, «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК, «ҚР ПІБ Инженерлік-техникалық орталығы» ШЖҚ РМК, «Бурабай даму» ЖШС атынан командалар қатысып жатыр.


Турнир судьясы Эрик Райтер ойын ережесін түсіндіріп берді.

«10 команда топтарға бөлініп жарысады. Ойын екі рет жеңіске жеткенше жалғасады», - деді судья.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне бағалы сыйлықтар табысталады.













Соңғы жаңалықтар