Президент «Хабарды» заман талабына сәйкестендіруді тапсырды

Редактор:  
Асхат Райқұл

Президент «Хабарды» заман талабына сәйкестендіруді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Берік Уәлиді қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Хабар» құрамындағы телеарналардың жұмысы туралы баяндалды.

Берік Уәли Мемлекет басшысына алдағы кезеңде іске қосуға жоспарланған жобалар мен ақпараттық, қоғамдық-саяси, танымдық бағыттағы контенттер жасау жөнінде айтты. Сонымен қатар Президентке агенттікті техникалық жағынан жаңғырту жоспары туралы мәлімет берілді.

Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруда агенттіктің маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, «Хабар» телеарналар тобының жұмысын заман талабына сәйкестендіруді тапсырды.





Серіктестер жаңалықтары