Президент, Головкин және ата-ана. Балалар кімді үлгі тұтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өткен дөңгелек үстелде Қоғамдық пікірді сараптау орталығы 13-17 жас аралығындағы қазақстандықтар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. 

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, «Мәдениет, спорт, ғылым, саясат қайраткерлері арасында өмірге деген көзқарасыңа кім ықпал етеді?» деген сауалға жауап берген балалардың көпшілігі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты, қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді және өз ата-аналарын атап көрсеткен.

Сондай-ақ, кумирлер арасында Абай Құнанбаев, Александр Пушкин, Мұкағали Мақатаев, Сергей Есенин, Шоқан Уәлиханов, Димаш Құдайберген, Дариға Назарбаева, Роза Рымбаева, Лионель Месси, Майкл Джордан, Мұхаммед Әли және Серік Сәпиевтің есімі бар.  Сауалнамаға еліміздің 46 елді мекенінде тұратын мыңға жуық жасөспірім қатысқан. Олардың 56 пайызы қалалық, ал 41 пайызы - ауыл балалары.

Соңғы жаңалықтар